"Ұшақта талып қалған": Қазақстандық әскери дәрігер рейс кезінде жолаушының өмірін құтқарып қалды
Казақстандық әскери дәрігер Түркиядан Алматыға баратын рейсте жолаушы әйелдің өмірін құтқарып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото сюжет кадрларынан
Құтқарылған жолаушы өз блогында әскери институт бастығына, дәрігерге алғыс айтты. Деректерге сүйенсек, ол өзін ұшу кезінде нашар сезініп, есінен танып қалған. Өзіне көмек бергендерді есін жинаған кезде ғана көрген.
Оны жалпы практика хирургі, подполковник Ахмаджан Туленов құтқарған. Маман сол кезде Түркиядағы демалысынан қайтып келе жатқан. Әйелдің жағдайы нашарлаған кезде оны оятып, көмек көрсетуін сұраған. Жолаушыда ес-түссіз, конвульсиялық синдромда болған. Ер адам ойланбастан көмекке ұмты.лыпты
“Мен аяғын көтеруді сұрадым. Содан кейін басын оңға бұрып, мұрын мен ерін аймағын уқалап, әйелді есін жинауға көмектестік. Менің орнымда болған әр адам дәл осылай әрекет етіп, әуедегі адамға көмектесер еді”, – деде қорғаныс министрлігі әскери дәрігері Ахмаджан Туленов.