Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақ жерге қайта қонған: Бортта ауырып қалған нәресте көз жұмды

Ақтауда ұшақ бортында өзін нашар сезініп, ауруханаға түскен нәресте қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

29 қарашада Ақтау-Стамбул рейсі кезінде ауырып қалған алты айлық нәресте облыстық балалар ауруханасында қайтыс болды. Баланың ПТР тесті теріс нәтиже көрсетті. 

Қарқынды терапияға қарамастан, кішкентай науқастың өмірін құтқару мүмкін болмады. 

"Қабылдау кезінде бала дереу жансақтау бөліміне жатқызылды. Түскен кезде алдын ала пневмония диагнозы қойылды. Ол үш күн бойы жансақтау бөлімінде болды. Бұл уақыт аралығында оның температурасы түспеген. Тексеру кезінде балада сепсис және ауыр екінші дәрежелі энцефалит диагнозы да қойылды. Биологиялық өлім 2 желтоқсанда болған. Балада бірнеше органның жетіспеушілігі байқалған.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қарашада ұшақ баланың денсаулығына байланысты Ақтауға оралды. Бала ата-анасымен Ақтау-Стамбул рейсімен Түркияға ұшып бара жатқан. Тексеруден кейін дәрігерлер диагноз қойды. Балада жедел екіжақты пневмония, ауыр ағымы байқалды. Бала тыныс алу аппаратына қосылды.

Ата-аналарының айтуынша, баланың ұшақта конвульсиялары болған, сондықтан әуе кемесінің командирі ұшу әуежайына оралуға шешім қабылдады. 

Еске салсақ, Ақтау-Стамбул бағытындағы ұшақ, көкке көтерілгеннен кейін бір жарым сағаттан соң Қазақстан әуежайына оралды. Оған жолаушының денсаулығының нашарлауы себеп болғаны туралы жазған едік. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр