Ұшақ жеке тұрғын үйдің үстіне құлап, үш адам қаза тапты (видео)
Мексиканың орталығында жеңілқозғалтқышты ұшақ апатқа ұшырап, жеке тұрғын үйді басып қалды. Салдарынан үш адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ren.tv-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: rusnewshub.ru
Оқиға Сантьяго-Тенанго муниципалитетінде болған.
"Ұшақ бос тұрған тұрғын үйге соғылды. Өкінішке орай, ұшақ бортындағы үш адам қаза тапты", – деп жазды Пуэбла штатының губернаторы Серджо Саломон Х әлеуметтік желідегі парақшасында.
Қайғылы оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Апаттың себептері әлі анықталған жоқ.
Талқылау