Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақ апатынан кейін арнайы штаб құрылды

Қайғылы оқиғадан кейін елордада арнайы штаб құрылды. Онда күні бойы апаттан көз жұмғандар мен зақым алғандардың туыстарына психологиялық-медициналық көмек көрсетілуде. Сондай-ақ жақындарының халін білмек болғандарға жедел желі қызметі қосылды. Ал, қан керек дегенді естіген қала тұрғындары арнайы орталыққа ағылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Алматы маңындағы ұшақ апаты жайлы соңғы жаңалықтарды мына жерден көріңіз


Жаңадан құрылған штабта  ұшақта қаза тапқан және жараланғандардың туыстары жиналған. Ресми ақпаратқа сәйкес, олармен 20 психолог пен 5 жедел жәрдем көлік уәкілдері жұмыс істеп жатыр екен.

«Әйтеуір аман ғой?! Аллаға шүкір! Не айта аласыз? Барлықтарыңызға шыдамдылық, амандық тілеймін. Аман болайық, осындай жағдай болмасын», - деді зардап шеккен азаматтың туысы. 
Арнайы штабқа 20-дан астам адам келген. Әлі де келіп жатыр. Кейбір адамдарды мамандар жетектеп жүрген көрінеді. 

«Оларға шұғыл түрде психологиялық және медициналық көмек көрсетілді. Әуежайдың төтенше жағдайлар бойынша арнайы штабы қарқынды жұмыс істеп жатыр», - деп мәлімдеді «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының ТЖ бөлімінің бастығы Марат Құндақбаев.

Жедел жәрдем қызметі де әуежайда. Туыстарының жағдайын мамандар айтып берді.

«Дәрігерлер барынша көмек көрсетіп жатыр. Бұл оңай емес. Марқұмдар мен зардап шеккендердің туыстары қазір стрестік жағдайда», - деді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.

Төтенше жағдай департаменті қабырғасында да арнайы штаб құрылған. Күнімен 200-ден астам қоңырау келіп түсіпті. Араларында қайғылы оқиғаны ауыр қабылдағандар да баршылық.

«Штабта тікелей тефондар орнатылды. Таңғы сағат сегізден бастап жұмыс істеп жатқан 211 хабарлама түсті халықтан. Оның үшеуіне психологиялық медициналық көмек көрсетілді телефон арқылы», - деді Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД азаматтық қорғау басқармасының аға офицері Эльдор Райымбеков.

Бұл күні апаттан зардап шеккендерге қан тапсырамын дегендер де көп болды. Ұшақ апатын барлығы да бұл біздің ортақ қайғымыз деп түсінеді.

«Бүгін шамамен 17 донор қан жасушаларын тромбоциттер тапсырып жатыр. 50-ден көп донорларымыз қанның тұтас бөлігін тапсырып жатыр», - дейді трансфузиология ғылыми өндірістік орталығы бөлімінің дәрігері Зәуреш Әлменова.

«Бек Эйр» компаниясына тиесілі әуе кемелерінің ұшуы тоқталтылған. Салдарынан кейбір азаматтар діттеген жерлеріне жете ала алмай отыр. Солардың бірі Александр есімді жолаушы. Жүрек ақауына шалдыққан азамат Қызылордаға жетуі тиіс болыпты. 

«Ешкім ештеңе түсіндіріп айтпады. Менің жүрегімде жасанды аппарат тұр. Елордаға профилактикаға келгем. Қызылордаға қайта алмай отырмын. Ресми өкілдер келіп мәлімдеме жасамады. Рейсімді тоқтатты. Бірақ қанша сағатқа, қанша күтуім керек екені белгісіз. Таңнан бері отырмын осында», - деді жолаушы.

Қайғылы оқиғада кезінде көз жұмғандардың туыстарына елордадан Алматыға қатынайтын ұшақтарға тегін билеттер беріліп жатқандығы туралы ақпарат шыққан. Қазіргі кезде үш адам бас қаладан оңтүстік астанаға жол тартқан.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Скотч байлап қойған": Bek Air компаниясына қатысты сұмдық ақпараттар жария болды

Ең басты туындайтын сауал – осыншама қателік бола тұра, ұшу сертификаты қалай берілген?

"Басы ісіп, көздері шарасынан шығып кетейін деп тұрды": Сарыағашта 9 жасар бала соқырішекке жасалған отадан көзі көрмей, тілсіз қалған

Бас дәрігердің орынбасары кінә әріптестерінен екенін жасырмайды

Елімізде кинотеатрлар қатары артып, алыс аудандарда де кино көрсететін орындар ашылуы мүмкін

Еліміз бен әлемдік прокатқа шыққан туындыларды шалғай елдімекен тұрғындарының тамашалауына мүмкіндік тумақ

СІМ қазақстандық кәсіпкердің Испанияда қайтыс болу себебі түсіндірді

Марқұмның денесі екі-үш күнде жеткізіледі

Денсаулық сақтау министрлігі қытайлық вирустың Қазақстанда тарағаны туралы хабарламаған жауап берді

Департамент біздің елде мұндай инфекцияның тіркелмегенін атап өтті

Алматы облысында қыз алып қашқан 4 жігіт сотта жауап берді

Жастарға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді

Үкімет тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарының мөлшерін қайта есептейді

Президент жұмыс тобының ұсыныстарын қабылдады

Қытайдың Ухань қаласында қалған қазақстандық студенттерді елге эвакуацияламайды

230 студенттің жартысы Қазақстанға келіп үлгерді

Скляр: Bek Air жолаушылардың ақшасын қайтаруы тиіс

Роман Скляр: Мүлкін сата ма, басқа істей ме, ақша қайтарылу керек

Ер адам зираттан кездейсоқ өз қабірін тауып алды

Хэттель құлпытасты оның ескерусіз салынғанын айтты
Çàãðóçêà...