Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақ апатына байланысты қойылған гүлдерді ер азамат алып кетпекші болған

Белгісіз ер азамат марқұмдарды еске алу үшін қойылған гүлдерді Алматы әуежайына қойылған гүлдерді алып кетпекші болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

гүл ұрлады

Сурет: Вячеслав Батуриннің Facebook парақшасынан

Бұл туралы фотограф Вячеслав Батурин Facebook парақшасында жазба қалдырыпты. Айтуынша, әуежай маңында тұрған фотограф бір мезгілде сол жерге қойылған гүлдерді ішінде ең жақсыларын таңдап алып, артынша әкетіп бара жатқан азаматты байқап қалады. 

Вячеслав алғашында әлгі ер азаматтың не істейін деп жатқанын бірден түсіне қоймапты. Фотограф бейтаныс азамт гүл әкеп қойып жатыр екен деп ойлап қалыпты. Дегенмен оның бұл әрекетіне куә болған Вячеслав гүл ұрлақмақшы болған азаматты тоқтатып үлгеріпті. 

гүл ұрлады

Сурет: Вячеслав Батуриннің Facebook парақшасынан

"Ол гүлдерді алып кетті. Сол үшін оны қуып барып, тоқтатуға тура келді. Мүмкін мен бекер бұлай істедім", - деп жазыпты тұрғынның бұл ісіне налыған Вячеслав Батурин. 

гүл ұрладыСурет: Вячеслав Батуриннің Facebook парақшасынан


 

STAN.KZ
Жексенбі, 29 Желтоқсан, 2019 08:17
Талқылау