Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұрмақ түгілі, ауыр сөз айтсақ, ұйықтай алмай шығамыз": Бір топ өнер жұлдыздары талғарлық 16 жастағы оқушының өліміне қатысты пікір білдірді

Алматы облысы Талғар қаласында пышақ және тапаншамен қаруланған бір топ адам жасөспірімді өлтіріп кеткен еді. Осы орайда шоу-бизнес өкілдері күдіктілердің ұсталуын талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жеке парақшалардан алынды

Өнер өкілдері қылмысқа жауапты күдіктілердің жартысы бостандықта жүргендеріне ашуланды.  

“Бір бөтелке ішімдік үшін адам өлтірген қылмыскерлер. Соттың әділ өтуін талап етеміз”, – деп жазды актер Тәуекел Мүсілім. 

Одан кейін әнші Мәдина Сәдуақасова да 20 шақты жігіттің мектеп оқушысына жабылғанына ашынды. 

“Оңбаған жауыздар! 16 жасар балаға 15-20 шақты адам жабылған. Ата-анасының көзінше ұрып, пышақтап өлтірді. Алла жазаларын берсін”, – деп жазды өнер иесі. 



Сондай-ақ Альбина Шардарова бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға үндеу жасады. 

“Адамды ұрмақ түгілі, ауыр сөз айтып қойсақ, түнімен ұйықтай алмай шығамыз. Неге айттым екен” деп өкінеміз. Бұлар адам ба сонда?! Өлтірмек түгілі, қалай ұрады екен?! Адамдар не болып бара жатыр?! Алла әділ! “Бала бер, бала берсең сана бер, сана бермесең ала бер” деген сөз бекер емес”, – деді эстрада жұлдызы. 

Айта кетейік, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан жасөспірім көз жұмған еді. Кейіннен жағдайдың мән-жайы анықталды. Жанжал жігіттің отбасы жалға алатын дүкенде басталған. Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқан. Осыдан кейін төбелес басталған. 

Талқылау