Талдықорған полиция басшысы кабинетінде қыз зорлаған: Сот хатшысы айыпталушының әйелінен 20 миллион теңге алды деп айыпталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіні Талдықорған сотының хатшысы 40 миллион теңге пара алды деген күдікпен қамауға алынғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: facebook.com/Марат Күштібаев
Антикордың ресми өкілі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, бүгінде хатшыға қатысты тергеу аяқталған.
“Қазір Талдықорған қалалық сот отырысының хатшысы мен екі азаматқа қатысты алаяқтық дерегі бойынша тергеу аяқталды”, – деді ол.
Тергеу мәліметіне сәйкес, полицияның экс-басшысының әйелінен жәбірленушінің жауабын өзгертіп беру үшін берілген 40 миллион теңгенің жартысын алған. Қалған 20 миллионы жәбірленуші мен оның сыбайласына соттағы жауабын өзгертеді деген желеумен берілген екен.
Еске салайық, Талдықорған қалалық полициясының экс-басшысы Марат Күштібаев қыз зорлады деп айыпталып, 11 жылға сотталған еді. Кейін Күштібаевқа қатысты тағы бір іс қозғалғаны белгілі болды.
Алтын мен әшекей бұйымдарды қалай ажыратуға болады: Зергер көпшілік біле бермейтін белгілерді атады
Алтынның шынайылығын тек түсіне, жылтырына немесе салмағына қарап анықтау дұрыс емес
19 жастағы Аяжан Еділова қалай қаза тапты: Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қылмыстың хронологиясы
Аяжан Еділова бар болғаны 19 жасында кісі қолынан қаза тапты