Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Перзентханадан ұрланып, сатылып кеткен бойжеткен 25 жылдан кейін ата-анасын тапты

АҚШ-тың Юта штатының тұрғыны 26 жастағы Белла Барбу 25 жылдан кейін туған ата-анасын іздеп тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белла Барбуды туғаннан кейін бірден ұрлап әкетіп, басқа отбасына сатқан. Осылайша нәрестені туған ата-анасын айырған.

Ол АҚШ-та өскен, өзінің айтуынша, асырап алған ата-анасына мүлдем ұқсамайтын. Белла сегіз жасқа келгенде, олар қызға дүниеге келу тарихын айтып берген. Олардың сөзінше, қыз Румынияда дүниеге келген, Белланы биологиялық ата-анасы бас тартқан кезде асырап алған. Сондай-ақ, асырап алушылар қызға шын есімін айтқан. Барбу бұл жаңалық ауыр соққы болғанын айтады.

2019 жылдың шілдесінде бойжеткен асыранды румындарға отбасыларын табуға көмектесетін Facebook-тегі топты тапқан. Ол жасы және атын жазған. Оның тегі сирек кездеседі екен, ал 48 сағаттан кейін қауымдастық әкімшісі Белланы 20 жастағы інісімен Мойспен байланыстырды.

Қыз өзінің тағы екі інісі мен сіңлілері бар екенін білді және оның биологиялық ата-анасы Маргарет пен Замбила қазір Римге жақын жерде тұратын болып шықты. Үш аптадан кейін олар қызына телефон арқылы хабарласты.

Олардың сөзінше, 1994 жылы Белла дүниеге келген кезде отбасы кедей болған. Дәрігерлер өтірік сөйлеп, оларға жаңа туған қызының ауырып, бірнеше күннен кейін шетінегенін айтқан.

"Олар ауруханадан шыққан кезде, медбике оларды қуып жетіп, шындықты айтқан - олар мені ұрлап, сатып жіберген", - деді америкалық қыз.

Осыдан кейін Барбудың ата-анасы оны табуға тырысқан, барлық балалар үйіне барған, соңғы ақшаларын бензинге жұмсаған, бірақ бұл әрекеттері сәтсіз аяқталған.

Қыз ата-анасымен кездесуге шешім қабылдап, 2019 жылы Римге ұшып барған. Белла олармен төрт күн бірге болған. Ол пандемия аяқталып, адамдарға шекарадан еркін өтуге рұқсат етілген кезде Маргари мен Замбилаға қайта баруды жоспарлап отыр. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр