Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұрысқан жоқпыз": Мақпал Исабекова әріптесі Дильназ Ахмадиевамен не үшін араласпай кеткенін айтты

Танымал әнші Мақпал Исабекова әріптес-құрбысы Дильназ Ахмадиевамен не үшін араласпай кеткенін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Өнер иесі оқырмандарының қойған сұрағына жауап берді. 

“Диля екеуміз ешқашан ұрысқан емеспіз. Өкінішке орай, өмірде мұндай жағдайлар болып тұрады. Адамдар түрлі себептермен бір-бірінен алыстап кетеді. Ол маған істеген жақсылығын ешқашан ұмытпаймын, алғысым шексіз. Мен өзім жеке әнші ретінде шыққанда оның қолдауы ерекше болды. Ол сөзімен ғана емес, ісімен де қолдады. Оның қолдауы мені алып қалды десем де болады. Ол өте жомарт жан. Менің жүрегім әрқашан да оны қолдайды. Бірақ қазір біздің жолымыз екіге айырылды. Бұл уақытша ма, мәңгіге ме білмеймін. Уақыт өзі бәрін реттейді", – деп жазды Исабекова. 



Алайда Дильназ Ахмадиева құрбысының сатқындық жасағанын айтқан болатын. 

“Араласпай кеткенімізге төрт жыл болды. Біз енді жақын құрбы емеспіз. Солай болып қалды. Жолымыз бөлек екен. Екеуміздің достыққа деген көзқарасымыз да әртүрлі екен. Жаман ештеңе болған жоқ. Көрген жерде амандасып тұрамыз. Бір-бірімізді көрместей болып кеткен жоқпыз. Маған манипуляция жасады, алдады, сатқындық жасады. Осының бәрін құрбыларым жасады. Енді ондай құрбылардың болғанын қаламаймын", – деп ағынан жарылған еді әнші. 

Талқылау