Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұрып, тепкілеп жатты": Куәгерлер Нұр-Сұлтандағы атыстың қалай болғанын айтып берді

Биылғы жылдың 25 тамызында елордада болған атыстың мән-жайы белгілі болды. Ер адам төбелес кезінде оқ атып, салдарынан бір адам мерт болып, тағы үшеуі жарақаттанған еді.

«Ұрып, тепкілеп жатты»: Куәгерлер Нұр-Сұлтандағы атыс туралы 

Сурет: "Астана" арнасы/скриншот

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Маман көшесінде тұратын тұрғындардың сөзінше, төбелес ер адамдардың арасындағы жағымсыз қарым-қатынастың салдарынан туындаған болуы мүмкін. Аяусыз төбелесті, дейді олар. Абырой болғанда, сол маңнан өтіп бара жатқандардың ешқайсысы зардап шекпеген. Сол кезде төбелес болып жатқан жерде балалар да жүгіріп жүрген екен. 

«Сұмдық төбелес болды. Адамды ұрып, тепкілеп жатты. Олар көп еді. Ол – аңшы. Қарудан оқ атқан сияқты болды», - дейді тұрғындардың бірі.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, ер адам жалғыз өзі тұрады екен. Таяуда үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізіпті. 

Төбелестің салдарынан үш адам зардап шегіп, төртіншісі бас жарақатымен ауруханаға түскен. Артынша ол сол жерде көз жұмды. 

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, шамамен 30 жастағы ер адамдар сөзге келіп қалып, артынша олардың бірі қарудан оқ ата бастаған. Болжам бойынша, төбелеске алты адам қатысқан. Олардың тұлғасы анықталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Қазіргі уақытта «Кісі өлтіру» бабы бойынша да тергеу жүргізіліп жатыр. 

Талқылау