"Ұрып-соғып мойындатқызды": Алматылық әйел полицейлердің ұлына жала жапқанын айтып, дабыл қақты
Видеодан скриншот
Алматылық әйел желіде ұлын полиция қызметкерлері заңсыз ұстап әкеткенін жазды. Ол баласына жала жабылып, біреулер әдейі қару салып жіберді деп санайды. Сонымен қатар оны азаптап отыр дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматылық Жанат Құлжанисова ұлы Алмаз Алтайұлына араша түсуді сұрайды. Айтуынша, 29 мамырда оны Алматы қалалық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері ұстап алған.
“Полицейлер таңғы алтыда үйге басып кірді. 70 жастағы мені автоматпен итеріп жіберді. Мен құлап, орнымнан тұра алмадым. "Алмаз" деп айқайлап қана үлгердім. Балам енді ғана оянып, орнынан тұрмақ болып еді, бірақ оны көз алдымда ұрып-соғып, қолын қайырды. Ал мені үйге қамап, шығармай қойды, тіпті ештеңе түсіндірмеді. Тінту жүргізу үшін баламды бақшаға алып кетті. Қызметкерлердің бір-бірімен сыбырласқанын байқап қалдым”, – деді ана.
Сөзінше, ұлының көлігінің жүксалғышына мылтық салынған сөмке салынғаны белгілі болды. Содан кейін Алмаз Алтайұлын алып кеткен.
“Тәртіп сақшылары жол бойында қорқытып, басқаларға жалған куәлік беруін талап еткен. Олар оған: "Егер қарсы куәлік бермесең, кісі өлтіру ісін сенің мойныңа аламыз" деді. Олар оны ұрып,"Қарт анаңның қасында болғың келсе, біз талап еткен сөздерді айту керек" деген. Шудан Алматыға барар жолда бірнеше рет тоқтап, балама психологиялық және физикалық қысым жасады. Мен анамын. Баламның адал еңбек етіп, маған көмектесіп, отбасына қамқор болып жүргенде, кенет қылмыскерге айналғанын көргенде жаным ауырады. Оның қаруға, басқа да қылмыстарға қатысы жоқ”, – деді Құлжанисова.
Айтуынша, Алмаз осы жайтқа байланыс видеоүндеу жолдаған. Алайда содан кейін оны жалғыз адамдық канцирге қамады дейді. Ашынған ана тергеудің әділ өтуін талап етті.
Stan.kz тілшісі осы жайтқа қатысты Алматы полиция департаментіне сауал жолдады.
“Алматы ПД-ның тергеу басқармасы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Олар бірқатар бұзақылық, қорқытып алу, өз бетінше билік ету, адамдарды ұрлау және дене жарақатын салу деректерін жасаған деген күдікке ілінген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында республика аумағында 22 күдікті, соның ішінде А сімді азамат ұсталып, қамауға алынды. Тінту кезінде олардың үй-жайларынан қару-жарақ, оқ-дәрі, суық қару, кастет, бита және басқа да заттар тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.
Алайда азаптау фактісі бойынша пікір білдірмеді.

"Қанды Қаңтар" алдында газ бағасын көтеруді қолдаған мұнай сарапшысы тағы сынға қалды: Енді жолақыны қымбаттатуды ұсынды
