Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұрыларға желі көмектеседі": Ұрлық үшін бірнеше рет тұтқындалған азамат қазақстандықтарға кеңес берді

Ұрлық жасағаны үшін темір торға қамалған 46 жастағы ер адам қазақстандықтарға өздерінің бай, ауқатты өмірін желілерде жарияламауға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі irbistv.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Pexels.com

Ер адам істеген әрекеті үшін алғаш рет колонияға 1998 жылы түскен. Ол өзінің танысымен бірге ауқатты павлодарлықтың пәтерінен көп мөлшерде ақша, алтын мен гауһар тас ұрлаған. Ер адамның айтуынша, ол осымен 5-рет жазаға тартылған.

Ұры атанған азамат өз тәжірибесінде есіктің құлыптарын ашуды үйренгенін жеткізді. Айтуынша құлыпты аша алатын адам кез келген жерге оңай кіреді.  

Ер адам қазақстандықтарға қандай байлықтары бар екенін желіде жарияламауға кеңес берді.

"Көп жағдайда әлеуметтік желілер арқылы өзіме "клиенттерді" таптым. Instagram-да бәрін жариялау үрдісі пайда болды. Тек парақшаларды қарап отырсаңыз болғаны. Кімнің қандай жағдайда тұратынын білуге болады. 90-жылдары үй-үйді аралап қарауға тура келсе, қазір желі көмектеседі", – деп бөлісті тұтқын.


Бельгиядағы түрмеде орын жетпеуіне байланысты қылмыскерлерді үй қамаққа шығарып жатыр


Сонымен бірге сотталушы бұрын қарапайым жұмысшылар немесе қарт адамдарды тонамағанын алға тартты. Алайда қазір жастар еш принципсіз кез келген адамның үйіне кіріп, бүкіл зейнетақысын алып кетуге дайын екенін жеткізді.

20 жыл колонияларда болған ер адам өз тәжірибесіне сүйене отырып, жастарды ұрлыққа ұмтылуға емес, оқуға шақырды.

Талқылау