Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ырғыз ауданында құтырған мысық ауыл тұрғынына шабуыл жасады 

Ырғыз ауданы Құрылыс ауылының 30 жастағы тұрғынын құтырған мысық тырнап алды. Ветеринарлар жануарды құтырған деген күдікпен, зертханаға алып кеткеннен кейін мысық сонда өліп қалды. Облыстық ветеринарлық зертханада, мысықтың құтырғанын растады.

Бұл туралы Диапазон-ға сілтеп, Stan.kz хабарлайды.

20 ақпаннан бастап ауылдың екі көшесінде малдар мен иттерге, сондай-ақ мысықтарға егу салынып, қоралады залалсыздандырып жатыр.

«30 қаңтарда ветеринарлық зертханадан мысықтың құтырғаны туралы нәтиже келді. Мал дәрігерлер инспекторлары ауыл әкіміне шектеу жариялау туралы ұсыныс берді. Олар 20 ақпаннан бастап екі көшеде залалсыздандыру жұмыстарын бастап кетті. Мамандар ауылдағы 116 бас ірі қара, 189 қой мен ешкі, 6 жылқы, 1 түйе, 8 ит пен 6 мысыққа егу салды. Сондай-ақ 2400 шаршы метр алаңы бар 14 қораны залалсыздандырды», – дейді Ырғыз ауданының ветеринария бөлімінің бастығы Ертіс Жүсіпов.

Жіберіп алмаңыз:

Рақымжан Отарбаевты қалың ел ақтық сапарға шығарып салды

Қызылордада бастауыш сыныптардың сабағы тоқтатылды

Ойын алаңында орналасқан ағаш дәретхана оралдықтарды ашуландырды

МС Сайлаубекті сынақ кітабына енгізген автор жұрттан кешірім сұрады

Талқылау