Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұр да жық ойындарды сатып алып көреміз": Ләйлә Сұлтанқызы еліміздегі ақылы онлайн тойларға қатысты пікір білдірді

Коллаж: Stan.kz

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы еліміздегі онлайн тойлардың өтуіне байланысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

БАҚ өкілі тойдың өзгеше дамуы креатив деп баға берді.

“Сәкеннің ұлының онлайн тойына байланысты түрлі пікір болып жатыр. Мынадай деректі бөліскім келеді. Менің кіші ұлым осыдан бірнеше жыл бұрын америкалық әншінің концертіне онлайн билет алып, ақылы тіркелген. Бір компьютерлік ойынды көру үшін ақылы тіркелген. Сәкен – қазақтың біртуар азаматы. Қоғамға қосып жүрген еңбектерін жақсы білемін. Біздің қорға да ақша беріп, көмектескен. Қуанышты бөліссең көбейеді деген. Егер сұраныс болып тұрса, заң бұзылмаса, адам құқығы тапталмаса салық төленсе, бұл – креатив идея. Оның үстіне ұр да жық, талас, ойын, стримдерді сатып алып, көріп жүрген заманнанбыз ғой”, – деді Ләйлә. 



Айта кетейік, өнер иесі 1380 теңгеге ұлының тойын онлайн көруге болатынын жеткізген еді. Бұған дейін Майғазиевтер әулеті маңғыстаулықтармен құда болып жатқанын жазған едік.

“Әділетпен араласып жүргенімізге 9 ай болады. Бір-бірімізді 3-4 жылдан бері танимыз. Жасым 20-да. Жас айырмашылығымыз – 6 жас. Жаңаөзенде туғанмын. Кейін Ақтау қаласына көштік. Қазір Алматыда тұрып жатырмыз. Мамандығым – қонақүй бизнесі. Колледж бітіргенмін. Болашақта ЖОО-ға түскім келеді. Енемен тұруға қатысты көзқарасым – бейтарап. Маған көп адам болып шай ішкен ұнайды. Өзімнің де інім бар. Сондықтан ене тақырыбын жақсы түсінемін”, – деді Әдия Мәулен.

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 11 Маусым, 2025 16:32
Талқылау