Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

YouTube желісінде жаңа функция пайда болды

YouTube видеохостингінде бейнелерді қарауды біршама ыңғайлы ететін жаңа функция енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 9to5Google-ге сілтеме жасап.

YouTube-тің жаңа ерекшелігі – мобильді қосымшада және веб-нұсқасында бейнені қарауды синхрондау пайда болды. Енді қолданушы Android немесе iOS жүйесіндегі YouTube қосымшасындағы бейнені қарауды тоқтатып, компьютерден шолғышқа кіргенде, оған бейнені көруді жалғастыра алады. Желінің бұрышында шағын мини-плеер терезесі пайда болады.

Мини-плеердің пайда болуымен қатар, "Қарауды жалғастыр" жазуы қосылады, оны шағын ойнатқыштың жоғарғы сол жақ бұрышындағы шаршыдағы көрсету белгішесін басу арқылы стандартты өлшемдерге дейін ұлғайтуға болады.

Жаңа функция, сапардан кейін үйіне қайтып келген пайдаланушыларға YouTube бейнелерін көруді жалғастыруды жеңілдететіні атап өтілді.

Бұған дейін YouTube видеохостингіне бүкіл әлемде мақұлданған коронавирус вакцинасы туралы жалған ақпарат таратуға тыйым салынған болатын.

Талқылау