Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұнатып қалған секілді": Айқын Төлепберген ән айтып жатқанда оқыс оқиға болды

Фото: https://www.instagram.com/aikyn/

Танымал әнші Айқын Төлепберген ән айтып тұрғанда күтпеген жағдай болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тосын жағдайдың видеосын әртіс Instagram парақшасында жариялады.

"Бұл 17-18 жасқа толған түлектер. Бұл ән шыққанда олар 4-5 жаста болатын. Бұл әнді тыңдамаған. Ондай жаста басқа да шаруалар бар. Бірақ 15-17 жас аралығында бір жерден естіп, ұнатқан деп ойлаймын. Себебі алғашқы махаббат, алғашқы кездесу болады. Ең бастысы қазіргі жас буын қазақ әнін "модный" дәрежесіне көтерді. Иә, иә, бұл мәселеде дәл осы буының зор үлесі бар. Ендігі мақсат – қазақ тілін "модаға" енгізу. Микрофон өшіп қалса да, жалғастырып әкетті", – деп жазды Айқын Төлепберген.



Айта кетейік, Айқын Төлепберген Джей Лоның концертінде өнер көрсеткен Садраддинге қолдау білдірген еді. 

“Садраддинге тиісетіндерді түсінбеймін. Стадионның алдында жанды дауыста ән айтқасын неше түрлі жағдай болады. Өзіміздің де басымыздан өткен. Стадион студия емес. Джей Лоның өзі де жанды дауыста ән айтып, қиналып қалды. Бірақ оны камераға түсірмеді. Шетелдік әншілер дауыстарын алдын ала жазады. Сосын барып, халыққа таратады. Алдымен тазалап алады”, – деген еді әнші.

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 27 Тамыз, 2025 10:45
Талқылау