Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тойға бару үшін гауһар тас сатып алып, бір аптадан кейін кері қайтарады: Қазақстандық зергерлер көмек сұрауда

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары бір күнге тойға тағып баруға бағалы тасты әшекей бұйымдарын сатып алып, ертесі күні қайтарып бергенді әдетке айналдырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Литер" басылымына сілтеме жасап. 

алтын

Петропавл қаласында қымбат әшекей бұйымдарын сататын ірі деген алты сауда дүкені бар екен. Қала тұрғындары осы жақтан алтын-күмістен әзірленген сырға-сақинамен бірге, гауһар тасты бұйымдар сатып алады. Сатып алған азаматшалардың көбі 14 күн өтпей жатып, әлгі әшекейлерді "ұнамай қалды" деп кері қайтарып беретін көрінеді. 

"Алты дүкеннің әрқайсысында мерекелерге, Жаңа жылға таман қайта қайтарылған 3-4 бұйым келіп түседі. Ал 8-наурыздан кейін әшекейі ұнамай қалған әйелдердің көптігін тіпті айтып жеткізу қиын. Біз оларға қарсы ешнәрсе айта алмаймыз", - дейді Еуропалық экономикалық одақтың зергерлер ассоциациясының төрайымы Анастасия Кужилина. 

Зергерлік бұйымды қайтаруға келген сатып алушыларға олар қарсылық білдіре алмайды екен. Себебі бұл жағдай ҚР-дың "Тұтынушыларды қорғау туралы" заңда көрсетілген.  

"Көптеген әйелдер тойға барып қайту үшін алтын, гауһар сатып алып, бір аптадан кейін "ұнамады немесе сәйкес келмеді" деп қайтып әкеп тұрады. Біз әкелінген гауһарлады тексере алмаймыз, бірақ сонда да қабылдай береміз. Облыста геммолог жоқ. Ал сараптаманы тек сот тағайындаған жағдайда жасай аламыз. Кей кездері сатып алушылар бағалы металлдан жасалған әшекейлерді ауыстырып әкеледі. Алаяқтықтың неше түрлі тәсілдері бар. Алтын қашан да бағалы, оны кез келген жерге апарып сатып жіберуге болады. Мысалы қазір Түркияда тұрғындар таза алтынның көшірмесін жасанды жолмен шебер дайындауды үйренген. Әсіресе неке жүзіктерінің көшірмелері жиі таралған", - деп қосты Анастасия Кужилина. 

Еуропалық экономикалық одақтың зергерлер ассоциациясы СҚО-дағы кәсіпкерлер палатасына заңға өзгерісітер енгізуді сұрап, өтініш жолдапты. Сөздерінше, "Тұтынушыларды қорғау туралы" заңға кейбір тауарларды, атап айтсақ бағалы металлдан жасалған және гауһар тасы бар зергерлік бұйымдарды қайтаруға болмайды деген бөлім енгізу керек дейді олар. 

Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев зергерлердің күрделі мәселені көтеріп отырғандығын атап өтті. 

"Зергерлік бұйым кері қайтарылған жағдайда  арнайы құралы жоқ геммолог маман гауһар тастың шынайылығына көз жеткізе алмайды. Гауһар тас ауыстырылмағандығы анықталғаннын өзінде ол тауар белгісі мен сипатын жоғалтпауы керек.  Ал оны қайта тазарту - өте қиын жұмыс. РФ, Украина және Беларусь Республикасының заңнамаларына сәйкес бағалы және жартылай бағалы металлдардан жасалған бұйымдарды кері қайтаруға тыйым салынған. Қазіргі уақытта зергерлер бастаған тақырып ұлттық реестрге тіркелді", - деді Жеңіс Қазиев.

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр