Ұлттық ұланның арнайы жасақтары тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген техникаларды көрсетті
Қазақстанның Ұлттық ұланы тәртіпсіздіктер кезінде арнайы жасақ көліктерінің қалай зақымдалғанын көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық ұланның "Бүркіт" арнайы бөлімшесінің әскери қызметшілері жаппай тәртіпсіздіктер кезінде арнайы құралдар мен арнайы техникада жаңа тактикалық маневрлерді қолданып, жиналғандардың мақсаттарына жетуіне мүмкіндік бермегені хабарланды.
"Шымкентте қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні Ұлттық ұланға қарасты 6506 әскери бөлімінің арнайы мақсаттағы бөлімшесі полиция қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдасқан топтың тәртіпсіздігін жойды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, тікелей қақтығыстар кезінде тәртіп бұзушылардың атыс қаруын, тұтандырғыш қоспаларды, қолдан жасалған материалдар мен тастарды қолданғаны атап өтілді.
"Құқық бұзушылар көліктерді аударып тастады, жолдарды жауып тастады, арнайы көліктерге оқ жаудырды. Терезелердегі оқ іздері осыны айғақтайды. Сан жағынан да қарсы тарап әлдеқайда күшті болатын", - деді Ұлттық ұлан.
Ұлттық ұлан қоян-қолтық ұрысқа айналған қаһарлы топпен тоғыз сағатқа созылған тікелей қақтығыс кезінде арнайы жасақтың офицерлермен, келісім-шарттағы сарбаздармен және әскерге шақырылғандармен иық тірестіргенін атап өтті.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
