Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық Ұлан туған анасын танымай қалған сарбаздың жағдайы туралы пікір білдірді

БАҚ-та №5573 әскери бөлімге шақырылған қостанайлық сарбаздың қалайша туған анасын танымай қалғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жөнінде Ұлттық ұланның баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Телеарналар мен сайттарда Ұлттық ұланға қарасты №5573 әскери бөлім сарбазының арада апта өтпей жатып туған анасын танымай қалғаны туралы мәлімет тарап жатыр.

"2022 жылдың желтоқсан айында Қостанай облысы бойынша Қорғаныс істері жөніндегі департаменті шақырған мерзімді қызметтің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Әмірбеков Ернар Балтабекұлы 2023 жылы 22 қаңтарда сағат 20.50 шамасында тамақтанған соң, ротаның орналасқан жеріне бара жатқан кезінде есінен танып қалады. Бірге келе жатқан қаруластары оған дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кезекші фельдшер мен әскери бөлім лазаретінің дәрігерін хабардар етеді. Сарбазды тексергеннен кейін кезекші дәрігер жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырып, қатардағы жауынгер Е.Б. Әмірбеков 2-ші қалалық ауруханаға жатқызылады. Әскери бөлімнің басшылығы осы факті бойынша мән-жайларды анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізуде және қадағалау органдарын хабардар етті", –  деп жазылған ресми мәліметте.

ҚазАқпарат тілшісі сарбаздың анасына хабарласып екінші тараптың пікірін білді.

"Баламды қазір тексеріп жатыр. Әзірге айтқысы келгенін қағазға ғана жазып беріп жатыр. Есінде ештеңе қалмағанын жазды. Бірақ ресми мәліметтегі өздігінен талып қалды дегенге сенбеймін. Ондай болғанның өзінде есінен айырылмауы керек еді. Денесінен ұрып-соғу белгілерін таппадық. Бірақ бұл жағдайға өздігінен түскеніне де сенбеймін. Қазір оның амандығы ғана алаңдатып тұр. Мына жерден медициналық тексеруден толық өтіп алсын, кейін өзім тәуелсіз медициналық сараптама жасатайын деп отырмын", – дейді Дина Жүсіпова.
 

Талқылау
Пікір
ЕСҰЛАН
26 Қаң, 23 жыл - 17:58

Неге әскерге барарда тексеруден таза болып өтеді да бірден ауру болып шығады әрдайым өлседа өзіне жабады мұның да бір тоқтауы бар шығар? 

Нурлан Бегалиев
26 Қаң, 23 жыл - 04:09

Неге аскерге барган жас балдар осындай болады, командир неге судан таза болып шыгады, осыган ким жауапты??? Неге барлык жерлерге камера (бейнебакылау) турмайды, турсада неге олар истемей калады??? 🤔