Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық пантеонда ел президенттерінің отбасы мүшелері жерленбейді

Елордадағы Ұлттық пантеонды пайдалану ережесі қоғамдық талқылауға шығарылды. Құжаттың жерлеу тізімінде бірқатар өзгеріс бар деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық пантеонда кімдер жерленеді

Ұлттық пантеон Астана қаласынан 17 шақырым қашықтықта орналасқан. Онда жерлеу тәртібін ретке келтіру үшін құжат жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр. “Ашық НҚА” порталында жарияланған Үкімет қаулысы 7-ші сәуірге дейін қаралады. Құжатта бірқатар өзгеріс бар. Яғни бұған дейінгі құжат тізіміндегі “ҚР президенттерінің отбасыларының мүшелері” деген тармақ алынып тасталған.

“Отбасы мүшелері Ережелердің 5-тармағында Пантеонда жерленетін тұлғалардың нақты регалийлері айқындалуына орай алып тастау ұсынылады. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес "отбасылардың мүшелері" ұғымы қарастырылмаған. Сонымен бірге, осы ереже тұлғалардың жұбайы немесе зайыбын жерлеу мүмкіндігін қарастырған”, –  делінген құжатта. 

Сондай-ақ жаңа ережеде елдегі бірқатар лауазымның және заңның күші жойылуына байланысты "ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" тармағы да сызылған.

4-ші тармақтағы мемориалдық ғимарат, "Естелік қабырғасы" монументі бар естелік музейі ғимараттарын салу жоспары да тізімнен алынып отыр. 

“Себебі олар бойынша ГИЖ, ЖСҚ әзірлеу және құрылыстың өзін жүргізу қарастырылмаған. Жергілікті және республикалық бюджеттерде жуық мерзімге арналған қаржылық жылдарға және одан әрі жоспарда қаржыландыру қарастырылмаған”,  –  деп жазылыпты құжатта.

Талқылау