Ұлттық ойын кезінде шабандоздар екі автокөлік зақымдап, жылқыны таптап кете жаздады (видео)
Қырғызстанның Ноқат ауданында көкпар ойыны кезінде салт аттылар екі автокөлікті зақымдап, жылқыны таптап кете жаздады. Көкпаршылардың тартысты ойынының видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kg хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Желіде тараған видеодан көкпаршылардың бір жерде кептеліп, тартысты ойын өткізіп жатқанын көруге болады.
Ош облыстық ішкі істер басқармасы бұл ақпаратты растады. Оқиға 6 сәуір күні Ноқат ауданына қарасты Жаны-Ноқат ауылында болған. Көкпарға қатысушылар ойын алаңынан шығып кетіп, сол жерде тұрған екі көлікті зақымдаған. Сондай-ақ бір атты таптап кете жаздаған.
“Аталған жағдай ішкі істер бөлімінде тіркелді. Алайда автокөлік иелері милицияға арыз жазудан бас тартты”, – делінген хабарламада.
Абырой болғанда, оқыс жағдай кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.
Бұған дейін Наурыз тойлау кезінде ат үркіп, адамдарға қарай шапқаны туралы жазған едік.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"