Ұлттық құрама сапында болған егіз боксшы кәсіпқой бокстағы жекпе-жегінде жарқын жеңіске жетті
Допингпен ұсталған Қазақстан құрамасының боксшысы Саматәлі Төлтаев пен оның егізі Санатәлі кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық құраманың үздік боксшылары болған егіз Саматәлі мен Санатәлі Төлтаевтар кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жектерін өткізіп, жарқын жеңіске жетті. Екеуі де жаңадан ашылған IRFIN промоутерлік компаниясы ұйымдастырған бокс кешінде өнер көрсетіп, бірі жеңілмеген ресейлік спортшымен жұдырықтасса, екіншісі тәжірибелі қырғызстандық боксшымен жекпе-жек өткізді. 61,3 келіде жұдырықтасқан Саматәлі ресейлік Магомедрасул Омаровты уақытынан бұрын жеңсе, 63,5 келідегі Санатәлі қырғызстандық боксшы Сардар Атакшиевтен басым түсті. Осылайша егіз кәсіпқой бокстағы кезекті жеңістеріне қол жеткізді.
Айта кетейік, 3 жылға әуесқой бокстан шеттетілген Саматәлі Төлтаев 2026 жылдың 31 наурызына дейін әуесқойлар арасында өнер көрсете алмайды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан

