Ұлттық қор үш жылдан бері шығынға ұшырап келеді
Ұлттық қор 2019 жылдан бері өсіп келе жатқан жоқ. 2022 жылдың қорытындысы бойынша инвестициялық шығын 2,6 трлн теңге немесе 10,35% болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Press.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
2022 жылы қорға 6,4 трлн теңге рекордтық қаражат аударылған.
Сондай-ақ Ұлттық қорға мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің жалпы сомасының 35,40%-ы заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығына, 24,71%-ы пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салыққа және 23,08%-ы өнімді бөлу бойынша тиесілі.
Андрей Чеботаревтың айтуынша, 2022 жылға арналған мұнай секторы ұйымдарының бекітілген тізімінен оған 160 ұйым кірді, тек 109 ұйым Ұлттық қорға тікелей салық төледі.
Талқылау