AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық қор көз алдымызда құрып жатыр: Депутат 1 триллион теңгенің тиімсіз шығындарға жұмсалғанына наразылық білдірді

Мәжіліс депутаттары "Қазақстанның Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2022-2024 жылдары Ұлттық қорға түсетін түсімге болжам жасады. 

"Болжам бойынша 2022 жылы Ұлттық қордың таза кірісі 445 миллиард теңгені, 2024 жылы 1,5 триллион теңгені құрайды. Бұл сондай-ақ Ұлттық қордың валюталық активтерінің ұлғаюына оң әсер етеді. Біз қордың валюталық активтері 2022 жылы 55,3 миллиард АҚШ долларынан 2024 жылы 61,6 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғаяды деп болжап отырмыз", – деді Ерғалиев мәжілістің жалпы отырысында.

Құжатқа сәйкес, Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт мөлшері 2022 жылы 2,4 триллион теңге, 2023 жылы 2,2 триллион теңге, 2024 жылы 2 триллион теңге болып бекітілді.

Кепілдендірілген трансферт республикалық бюджеттен ынтымақты зейнетақы мен мемлекеттік базалық зейнетақыны төлеуге жұмсалады.

Заң жобасын палатаның жалпы отырысында талқылау кезінде депутат Айгүл Жұмабаева Ұлттық қордың тағдырына алаңдаушылық білдіріп, одан алынатын қаржыға шектеу қою керектігін айтты. 

Оның айтуынша, егер өткен жылы барлық түсімдердің 95,7% пайдаланылған болса, биыл бірінші жартыжылдықтың өзінде шығыс түсімнен де артық болып кеткен. 

Жұмабаева ұсынылған үш жылдық бюджетте 2024 жылға дейін нысаналы трансферттер сомасының төмендеу үрдісі бар екенін атап өтті. Алайда тәжірибе көрсеткендей, жыл сайынғы бюджетті нақтылау кезінде бұл сома екі есе артады.

"2021 жылға нысаналы трансферт мөлшері бекітілген 1 трлн теңге кезінде 850 млрд теңгеге ұлғайтылды. Бұл ретте биылғы есеп комитетінің тек 12 аудиторлық іс-шарасы барысында 70 объектіде осындай сомаға – 1 трлн теңгеден астам тиімсіз қаржы пайдаланылғанын атап өткен жөн. Ұлттық қордың қаражатын жинақтау бойынша орта мерзімді кезеңге қандай болжамдар жасалады?” – депутат Ұлттық экономика министрлігінің басшысына жүгінді.

Сұраққа жауап бере отырып, Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мұнайдың барреліне 60 доллар болатын болжамды бағасы кезінде 2022-2024 жылдары Ұлттық қорға түсетін жалпы түсімдер 3,4-3,9 трлн теңгені құрайтынын хабарлады. 

Әсет Ерғалиевтің айтуынша, Ұлттық қордың валюталық активтерін 2022 жылы 55,3 млрд доллардан 2024 жылы 61,6 млрд долларға дейін ұлғайту жоспарланған.

Бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы Ерболат Досаев 2021 жылдың тамыз айының соңында Қазақстанның Ұлттық қорында 56,9 миллиард доллар бар екенін хабарлаған болатын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр