Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық компаниялар табысының 50 пайызын мемлекетке беруі керек – Депутат

Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева квазимемлекеттік сектор қызметіндегі ұлттық компаниялар табысының 50 пайызын мемлекетке беруі керектігін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Фото: Parlam.kzФото: Parlam.kz

Депутаттың айтуынша, ұлттық компаниялардың негізгі мәселесі - бюджетке тәуелділік. Мәселен, 2023 жылы квазимемлекеттік сектор субъектілерін қаржыландыру көлемі триллион теңгеден асқан.

Сонымен қатар, Савельева адал бәсекелестік болмайтын сатып алу жүйесін де сынға алды. Өткен жылы бір көзден сатып алу көлемі 2022 жылмен салыстырғанда үш еседен асып, 2 триллион теңгеге дейін өскен. 

Ал, квазисектор өкілдері мұны нарықта басқа баламаның жоқтығынан болып отырғанын айтқан.

Сонымен қатар, депутат дивидендтер төлеу мәселесіне де тоқталды. 2022 жылы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің таза кірісінің көлемі 33%-ға өсіп, 2,5 трлн теңгені құрады. Бюджетке дивидендтер түрінде 261,2 млрд теңге түсті (активтерді сатудан түскен қосымша түсімдерді есепке алмағанда), бұл таза кірістің 10,4% құрайды. 2022 жылы бұл көрсеткіш 12,7 пайызды құрады.

"Осы фактілерді ескере отырып, біз квазисектордың барлық субъектілерінен, соның ішінде "Самұрық-Қазына" және "Бәйтерек" АҚ-тан бюджетке төленетін дивидендтер сомасының нақты көрсеткіштерін заң жүзінде және таза кірістің кемінде 50% мөлшерінде алуды ұсынамыз", деді депутат.

Талқылау