Заңгер Бауыржан Онғаровтың айтуынша, Қазақстанда Нұрлан Сабыров 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оған Украина аумағындағы ресейлік күш құрылымдарын қолдады деген айып тағылып отыр.
“Сабыровқа “Вагнер” жеке әскери компаниясының жалдамалыларын қаржыландырғаны және материалдық тұрғыда қамтамасыз еткені үшін қылмыстық кодекстің 170-бабы 1-бөлігі (Жалшылық) бойынша 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге жаза арқалауы мүмкін. “Вагнер” – жеке әскери компания, бірақ шын мәнінде мәні жалдамалылар. Нұрланның қылмысы 100% дәлелденген”, – деп жазды заңгер Facebook парақшасында.
Бұған дейін ресейлік БАҚ “Вагнер легионы Искра” таратылған “Вагнер” ЖӘК-тің бөлініп шыққан бөлімшелерінің бірі екенін, қазір Ресей Қарулы күштері құрамына кіретінін нақтылаған.
Айта кетейік, бұған дейін ресейлік БАҚ-та қазақстандық танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны жөнінде ақпарат тарағаны хабарланған еді. Кейінірек комиктің Ресей азаматтығын алудан бас тартқаны белгілі болды. Сондай-ақ Сабыровтың Ресейге қайтып оралу шарттары жарияланды.
Бірнеше күннен кейін ғана Нұрлан Сабыровтың өзі алғаш рет мәлімдеме жасады.
