Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі тасымалдағандардың жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның батысында есірткі жеткізуге қатысы бар деструктивті діни ағымның жақтастарын ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"13 қаңтарда ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті Ақтөбе облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде өсімдік түрлі есірткі тасымалдау арнасын ұйымдастыруға қатысты бар топ мүшелерін құрықтады. Бұл факт ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы (есірткі, психотропты заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", -  делінген ведомствоның хабарламасында.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған тұлғалар - деструктивті діни ағымның жақтаушылары.

Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешімімен күдіктілерге қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Талқылау