Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық ғылым академиясының президенті тағайындалды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының жаңа президентін тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: primeminister.kz/Ақылбек Күрішбаев

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

“Мемлекет басшысының өкімімен Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада. 

Ақылбек Күрішбаев – қазақ мемлекет қайраткері, ғалым, бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі, парламент Сенатының экс-депутаты.

Сондай-ақ, бүгін мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, осыған байланысты бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 22 Қаңтар, 2024 19:51
Талқылау