Ұлттық экономика вице-министрі ауысты

ҚР ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Серікқызы Жүнісбекова қызметінен кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Оның орнына Айгүл Шайымова тағайындалды.

"ҚР үкіметінің қаулысымен Айгүл Амантайқызы Шайымова Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды", - деді үкімет басшысының баспасөз қызметі. 

Айгүл Шайымова 1979 жылы Целиноград облысының Мариновка ауылында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия университетін, Қаржы полициясы академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған. 

Әр жылдары ҚР Қаржы полициясы агенттігінде, Экономикалық қылмысқа және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде, ҚР Бас прокуратурасында жұмыс істеді. 

2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ситуациялық орталығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

2014-2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің аппарат жетекшісі. 

2016 жылы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі.

2016 жылғы қыркүйек айынан бастап 2019 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 

2019 жылғы шілдеден бастап Мәдина Серікқызы Жүнісбекованың оқу демалысы кезеңінде Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр