Ұлттық экономика министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды
Фото: Үкімет
ҚР үкіметінің қаулысымен Ерлан Ермекұлы Сағынаев ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сағынаев 1978 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Солтүстік Қазақстан заң академиясын және Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетінде бастаған.
Әр жылдары ауданның салық комитеті төрағасының орынбасары, ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық департаменттері мен орталық аппараттарындағы салалық басқармалар басшысы қызметтерін атқарды.
2008–2021 жылдары Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай және Атырау облыстары бойынша салық департаменттері басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі салық және кеден саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды.
Еске салсақ, осыған дейін 32 жастағы Асылбек Ахметжанов оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалғанын жазған едік.

"Қазақтар тұрмайтын Германияда тіліміз қазақша шықты": Шетелде туып-өскен қазақ жігіті желі қолданушыларын несімен сүйсіндірді
