Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық экономика министрі: "Жұмысшыларға арналған төлемдер бір жүйеге біріктірілетін болады"

Қазақстанда зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін оңтайландыруға арналған бизнестің жаңа механизмдері құрастырылуда. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың айтуынша, төлемдердің қызмет ақысы сақталатын қорға түсуі өзгертілетін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазіргі таңда 6 түрлі төлем түрі бар, олардың ең негізгісі жалақы болып табылады. Кәсіпкерлер әртүрлі төлемдік нұсқаулықтарды орындау үшін банкке бару, құжат толтыру сияқты дүниелерді атқаруға тура келеді. Мұның барлығыны жеңілдету қарастырылуда. Алдағы уаққыта төлемдердің барлығы "Азаматтарға арналған үкімет" арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл азаматтардың уақытын үнемдеп қана қоймай, мемлекет үшін қолайлы бастама болмақ. Себебі "Азаматтарға арналған үкімет" төлемдерді өздігінен бюджеттер және қорлар бойынша бөліп отырады", -деді министр. 

Сонымен қатар шенеунік бастамының нәтижесінде 15 миллиардқа жуық ақшаны үнемдеуге болатынын қосты.

"Мемлекеттік органдардың қызметін жоғарлату мақсатында бірқатар жұмыстар жасалуда. Бұл президенттің жолдауында айтылған еді. Осы орайда сәуір айында қабылданған заң аясында бәсекеге қабілетті ортаға өту қолға алынды. Бұл үшін арнайы комиссия құрылған болатын. Бұл комиссия қандай жағдайда мемлекет жеке кәсіпкерлер үшін кедергі болмайтынын анықтаумен айналысады. Аталған жаңдайлар мемлекет экономикасына ықпалын тигізетіні сөзсіз", - деп қосты Дәленов.

Бұған дейін Дәленов мемлекеттік қызметкерлерді ауыл-аймаққа жіберу туралы ұсыныс айтқан еді.

 



 

Талқылау