Ұлттық банк жасанды интеллектің көмегімен адамдарды алдайтын алаяқтардың пайда болғанын ескертеді
Қазақстанның Ұлттық банкі жасанды интеллекті пайдаланып телефон шалу арқылы алдайтын алаяқтық түрлерінің көбейіп кеткенін айтып ескертеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық банк ел азаматтарын жасанды интеллектің көмегімен телефон алаяқтығының көбеюінен сақтандырады.
Қылмыскерлер әлеуметтік желілер, бұзылған мәліметтер базасы және қолжетімді жеке деректер сияқты ашық дереккөздерді пайдалана отырып, азаматтардың туыстары мен таныстары туралы ақпаратты белсенді түрде жинап жатқаны хабарланды. Содан кейін олар қоңырау шалу және дауыстық хабарламаларды жазу үшін белгісіз немесе жасырын телефон нөмірлерін пайдаланады.
- Алаяқ қарағандылықтардан алдап алған 86 миллион теңгені букмекерлік кеңседе ұтылып қалған
- Қазақстанда жеке куәліктердің көшірмелерін жинауға тыйым салынады
Жасанды интеллект арқылы өңделген жалған дауыстық жазбаларды құрбандардан жеке ақпарат немесе қаражат алу үшін туыстары немесе жақын достарымыз деп көрсететін алаяқтар пайдаланады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн