Ұлттық банк төрағасы 1,7 млрд теңге сыйақы туралы мәліметті түсіндірді
Фото: Ұлттық банк
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 2024 жылы Ұлттық банк топ-менеджерлері 1,7 млрд теңге көлемінде "сыйақы" алғаны туралы мәліметке түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2024 жылы Тимур Сүлейменов басқаратын Ұлттық банктің топ-менеджменті мен директорлар кеңесі шамамен 1,7 млрд теңге көлемінде сыйақы алған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 22,8% көп. Сыйақылардың өсуі Ұлттық банк қатарынан оныншы жыл шығынға ұшырап отырғанына қарамастан өскен. Журналист неге шығынға қарамастан олардың сыйақылары өсіп жатыр деп сұрады.
"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. 1,7 млрд теңге сыйақы емес. Оның ішіне жалақы, емделу, демалыс ақысы, оқу және басқа да төлемдер кіреді. 2023 жылы Ұлттық банк ескі жалақымен өмір сүрді. Бұл жылы мен мұнда жұмыс істемедім. 2024 жылы ғана жалақы көтерілді. Сондықтан, бұл ақпарат дұрыс емес", – деді Сүлейменов Астанада өткен брифингте.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк негізгі мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырғаны хабарланған еді. Сондай-ақ Қазақстанда инфляция болжамы қайта қаралғаны белгілі болды.
Ата-анамызды асырауға біз міндеттіміз бе?: Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді