Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк өкілі теңгенің құнсыздану себебін түсіндірді

Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов 28 қыркүйектегі сауда-саттықтың ашылуында мұнай бағасы аса өзгермегеніне қарамастан ұлттық валюта неге 0,38% - ға әлсірегенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ақша

Тұрсынхановтың айтуынша, мұның себебі, ең алдымен, әлемдік нарықтағы АҚШ долларының нығаюында.

"АҚШ долларының индексі коронавирустың екінші рет қайталануына байланысты алаңдаушылықтардың күшеюі аясында, сондай-ақ АҚШ-та алдағы уақытта болатын Президет сайлауына байланысты негізгі әлемдік валюталар қоржынына қарсы нығайып, екі айдағы шарықтау шегіне жетті", - деді Тұрсынханов.

Ол Халықаралық валюта қорының сарапшылары коронавирус пандемиясына байланысты дағдарыс күтілгеннен ұзақ уақытқа созылады деп болжап отырғанын атап өтті. Осыған байланысты көптеген елдерге экономиканы өз қалпына қайтару үшін жылдар қажет болады.

"Сыртқы нарықтардың қысымын дамушы елдердің валюталары да сезінді. Түрік лирасы бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіштерді жаңартуды жалғастырса, Бразилия реалы мен Мексика песосы жұмада 0,9% әлсіреді, Оңтүстік Африка ранды доллармен салыстырғанда құнын 1,2%-ға жоғалтты. Ресей рублі өткен аптада бір доллар үшін сәуірдегі деңгейдің ең жоғары көрсеткіші – 78 рубль белгісінен асып, артта қалушы атанды. Мәскеу биржасындағы сауда-саттық 78,19 деңгейінде жабылып, жұма күні 1,35%-ға төмендегенін көрсетті", - деп атап өтті Тұрсынханов.

Ол сонымен қатар доллар индексінің өсуі мұнай бағасының төмендеуіне түрткі болғанын айтты - ол теріс аймақта қалып отыр (-2,9%).

"Сонымен қатар, мұнайға сұраныстың өсу перспективасы COVID-19 жағдайларының жаңа өсуі және бірқатар елдерде шектеу шараларын енгізу аясында күмәнді болып қалуда", - деп болжады ҰБ өкілі.

Оның сөзіне қарағанда, осы факторлардың барлығы ұлттық валюта бағамының қалыптасуына әсер етеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр