Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы ақшасына доллар сатып алуды қайта бастамақ

Ұлттық банк қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы қаражатына доллар сатып алуға қайта бастамақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Наурыз айында ұлттық банк 250 миллион доллар шамасында шетелдік валюта сатып алуды жоспарлап отыр.

Ұлттық банк өткен жылдың қазан айының бірінші жартысында БЖЗҚ қаражатына доллар сатып алуды тоқтатқан еді. Банк бұл шешімді қордың валюталық активтерінің үлесі қажетті 40%-ға жеткенімен түсіндірді.

“Өткен жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесі кезең-кезеңімен 40%-ға дейін жеткізілді. БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігін шетелдік нарықтарға инвестициялау арқылы әртараптандыру және арттыру мақсатында Ұлттық Банк валюталық үлесті шамамен 40% деңгейінде қолдауды жоспарлап отыр. Теңге бағамының нығаюына, сондай-ақ зейнетақы жарналарының түсуіне байланысты БЖЗҚ зейнетақы активтерінің ағымдағы валюталық үлесі 40%-дан төмен деңгейге дейін төмендеді”, – делінген хабарламада. 


Қазақстандықтар жаппай зейнетақы қорындағы ақшасы азайғанын айтып, ашуланып жатыр: БЖЗҚ бұның себебін түсіндірді


Осыған байланысты Ұлттық банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфеліне АҚШ долларын сатып алуды қайта бастамақ.

“Наурызда сатып алуға қатысты жоспарлы көлем 250 млн АҚШ долларынан аспайды. Ұлттық банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқарушы ретінде ұзақ мерзімді кезеңде нақты кірістілікті алуды және оның сақталуын қамтамасыз етуді басты назарда ұстайтынын айта кеткен жөн”, – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, бұған дейін сарапшылар Қазақстанда доллар бағамын 550-560 теңгеге дейін өседі деп болжаған еді. 

Талқылау