Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75%-дан 15,25%-ға дейін төмендетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2023 жылдың қараша айының соңынан бастап базалық мөлшерлеме 15,75% деңгейінде болды.

"Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада. 

Ұлттық банктің хабарлауынша, жылдық инфляция 2023 жылдың соңына қарай бір таңбалы мәнге жетті. Айлық инфляция желтоқсанда орташа жылдық мәндерден біршама жоғары болды. 

"Әлемде азық-түліктің бағасының төмендеуі мен орталық банктердің тежеу саясатына байланысты қолайлы қалыптасып жатыр. Фискалдық ынталандырумен орныққан ішкі сұраныс, сондай-ақ жоғары және тұрақсыз инфляциялық болжам тарапынан ішкі экономикада инфляциялық қысым сақталып отыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Ұлттық банктің хабарлауынша, базалық мөлшерлеме бойынша бұдан кейінгі шешімдер инфляцияның динамикасына және оның болжамды траекториясына қаншалықты сәйкес келетініне байланысты болады. 

"5%-дық инфляция бойынша мақсатқа жету үшін ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақтау қажет. Ұлттық Банк экономикадағы ақпараттар легін қадағалап отырады және күтпеген өзгерістер болмаса, базалық мөлшерлемені өзгертуді тоқтата тұруды жоққа шығармай, оны кезең-кезеңімен төмендетуді жалғастырады. Сонымен бірге мөлшерлемені төмендету циклі ұзақ болуы мүмкін", - делінген банк хабарламасында.

Талқылау