Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк басшысы өз атында бірнеше несие барын айтты

Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов өз басында қанша несие бар екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: primeminister.kz

Тимур Сүлейменов БАҚ өкілінің  "несие аласыз ба, ақшаңызды үнемдейсіз бе?",- деген сауалына жауап берді. 

"Иә, мен міндетті түрде үнемдеймін. Менің ойымша, бұл дұрыс тәжірибе. Сіздің жалақыңыз қанша болса да, мүмкіндігінше оның бір бөлігін үнемдеу керек. Бұл өте маңызды. Өйткені бәрімізде не бала бар, не балалы боламыз. Бәріміз өзіміздің баспанамыз бен тұрмыстық жағдайымызды жақсартқымыз келеді. Сондықтан маған ақша үнемдеу өмірдегі өте маңызды әдет", – деп журналистердің сауалына жауап берді мәжіліс кулуарында.

Ұлттық банк басшысы кейбір техниканы кейде несиеге немесе бөліп төлеуге сатып алатынын да мойындады. Ол өзінің атында бірнеше тұтынушылық несие барын айтты.

"Несиеге бірдеңе аламын ба дегенге келсек?! Әрине, аламын. Егер мен дүкенге барып, сол жерден теледидар немесе қысқатолқынды пеш сатып алсам, бөліп төлеу және несиеге алу арзанырақ екенін көрсем, несиеге аламын. Басқалары сияқты", – деді ол.

Талқылау