Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлытауда Жанат Хаджиев атындағы халықаралық театрлар фестивалі ашылды

ұлытау

Бүгін Ұлытау облысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының лауреаты, көрнекті қазақ режиссері Жанат Хаджиев атындағы халықаралық театрлар фестивалінің ашылу салтанаты өтті.

тұңғышбай жаманқұлов

Фестивальдің құрметті қонағы – Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұлов, сондай-ақ Жанат Хаджиевтің жұбайы Рашида ханым болды.

Бұл – Серке Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының бастамасымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған өнер мерекесі.

Салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков қонақтар мен қатысушыларды құттықтап, фестивальдің өңірдің мәдени өміріндегі маңыздылығын атап өтті.

театр ұлытау

“Ұлытау – ұлтымыздың алтын бесігі. Осы қасиетті мекенде өтіп жатқан өнер мерекесі шығармашылық ынтымақтастықты нығайтып, ұлттық өнеріміздің өрісін кеңейтеді деп сенемін. Фестивальге қатысушыларға табыс, ал көрермендерге жарқын әсер тілеймін”, – деді аймақ басшысы.

Жанат Хаджиев атындағы халықаралық театрлар фестивалі 16 қыркүйекке дейін жалғасады. Осы күндері еліміздің бірқатар театрлары мен Ресей, Қырғызстан елдерінің өнер ұжымдары өз қойылымдарын ұсынып, бақ сынайды.

ұлытауда

STAN.KZ
Сенбі, 13 Қыркүйек, 2025 15:54
Талқылау