Ұлытауда "Қазақмыс" машинисі шахтада мерт болды
Ұлытауда "Қазақмыс" машинисі шахтада қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
26 желтоқсанда Ұлытау облысында орналасқан "Жыланды" кенішінде жазатайым оқиға орын алды.
Сағат 18:30-да "Восточная Сары-Оба" шахтасының учаскелерінің бірінде өздігінен жүретін жерасты машинаның жылжуы кезінде 31 жастағы машиниске абайсызда соққы жасаған. Ер адам мерт болды.
"Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайды", – деп мәлімдеді компания.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”