Прокуратура ғимаратын досының үйімен шатастырған ер адам 5 тәулікке қамалды
Ұлытау облысында мас ер адам прокуратура ғимаратын досының үйі деп ойлап, қақпасын ашып, кірмек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 30 тамыз күні таңғы сағат 5:23-те Ұлытау облыстық прокуратурасының ғимараты алдында болған. Мас күйдегі ер адам прокуратура ғимаратын досының үйінің қақпасы деп ойлап, ашпақ болған. Қақпа ашылмаған соң, ол оны бұза бастаған. Салдарынан қақпа мен қасындағы темір қоршау бүлінген.
Жезқазған қаласындағы әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта прокуратура өкілі келтірілген залалдың 259 484 теңге 40 тиынд болғанын айтты. Оның бір бөлігі күдікті тарапынан өтелгенін айтты.
"Бұзақы сотта өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді. Сондай-ақ жақын уақытта шығынды толық өтейтінін айтты. Медициналық сараптама нәтижесі бойынша азамат орташа деңгейдегі мас күйде болған, – делінген сот хабарламасында.
Сот күдіктінің әрекетін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 147-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық деп танып, оған бес тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы әуежайында мас күйде шу шығарып, жазадан құтылып кеткен прокурор айыппұл арқалағаны туралы жазған едік.

Үстілерінен іс қозғалған, саясаттан кеткен: Назарбаев кезінде билікте болған шенеуніктер қазір қайда жүр
