Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлытауда әлеуметтік мекеме басшысы зейнеткерлер мен мүгедектердің ақшасын жымқырған

Ұлытау өңіріндегі әлеуметтік мекеме басшысы мекемеде тұратын зейнеткерлер мен мүгедектердің қаражатын ұрлаумен айналысқан деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта жалпы сомасы 12 миллион теңгеден астам аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

“Әлеуметтік мекеме, сондай-ақ сотталушылардың тұрғылықты мекен-жайларын тінту кезінде қариялардың 799 000 теңге көлеміндегі зейнетақы төлемдері, оларға тиесілі банк карталары, сондай-ақ аталған тұлғалардың қылмыстық әрекеттерін дәлелдейтін басқа да заттар мен құжаттар тәркіленді”, – делінген хабарламада.

Толық және жан-жақты тергеуге кедергі келтіру, сондай-ақ қылмыстың ізін жасыру және жою әрекеттеріне байланысты аталған мекеменің басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот күдіктіні 2 айға қамау туралы шешім шығарды.

Талқылау