Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлытау облысының әкімі өңірде неге азық-түлік бағасы тым қымбат екенін айтты

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы аймақтағы азық-түлік бағасы республика бойынша ең қымбат екенін айтты. Өңір әкімі азық-түлік бағасының не себепті жоғары екенін де түсіндіріп берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ОКҚ

Берік Әбдіғалиұлының айтуынша, логистикалық шығындар жоғары, агроқұрылым жоқтың қасы. Осы себепті тұрғындар азық-түлікті қымбат бағаға сатып алуына тура келеді. 

“Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бізде ең жоғары екені байқалып отыр. Өңірімізде әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түліктің тізімі бар. Өкінішке қарай оның үшеуі ғана бізде өндіріледі. Ұн, нан және ет. Қалғанының бәрі сырттан әкелінеді. Тауықтың еті, жұмыртқасы, сүт, ірімшік тағы да басқа”,- деп мәлімдеді облыс әкімі.

Облыс әкімі осы факторлардың әсерінен өңірге азық-түліктің бағасы кемі 10 пайызбен қосылып келеді. 

“Осының барлығына 10 пайыз қосылып, бағаның өсуіне әкеліп отыр. Қазір бізде арнайы агро жобалар басталып жатыр. Ендігі жылдың басында тауық етін, жұмыртқасын шығаратын зауытты қосу керек. Сонда өзіміздің өнім 30 пайыз болады. Сонымен қатар бізде тұрақтандыру құры құрылған. Білесіздер бұл барлық өңірде құрылған. Оның 1,6 миллиард қаражаты бар. Өкінішке қарай картоптың өзін өзімізде өсіре алмай жатырмыз. Өйткені суармалы ауыл шаруашылығы бізде мүлдем жоқ. Сол себепті биыл бірнеше жоба бастадық. Нәтижесін келесі жылы күтіп отырмыз”,- деді Берік Әбдіғалиұлы. 
 

Талқылау