Ұлытау облысында үш күн бұрын жоғалып кеткен 7 адам табылды
Төтеншеліктер Ұлытау облысында 7 адамды құтқарып қалды. Тұрғындар 3 күн бұрын мал іздеуге шығып, сол күйі хабарсыз кеткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Видеодан кадр
Ұлытау облысында құтқарылған тұрғындар жайлы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Дерекке сүйенсек, 7 адам 11 наурыз күні мал іздеуге екі көлікпен шыққан. Бірақ ауа райына байланысты жолда адасып кетіпті.
“Іздеу жұмыстарына Ұлытау облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 5 адам және 1 бірлік техника тартылды. Жоғалған адамдар "Өлке" қыстағынан табылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ”, – делінген ақпаратта.
Сондай-ақ өңір тұрғындарына бұған дейін әлеуметтік желі арқылы қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланған. Бірақ тұрғындар бұл хабарламаға мән бермеген көрінеді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”