Ұлытау облысында 1000-ға жуық ұжым "Таза Қазақстан" республикалық акциясында белсенділік танытты
Ұлытау облысында 13 қыркүйек пен 12 қазан аралығында қалалар мен елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыруға арналған күзгі бір айлық жарияланды.
Аталған бір айлық аясында бүгін жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылды. "Таза Қазақстан" республикалық акциясына өңірден 976 ұжым қатысып, барлығы 7209 азамат тазалық жұмыстарына өз үлесін қосты.
Тазалық іс-шарасына 105 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 2200 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.
Сонымен қатар, 433 гектар аумақ тұрмыстық қалдықтардан тазартылды әрі 1825 ағаш санитарлық қырқудан өтті.
Бұл шара облыс елді мекендерінің тазалығы мен абаттандыруына оң ықпал етіп, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға серпін берді.
Талқылау

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін әр өңірде су бағасы әртүрлі есептелген

Астаналық әйел тірі ұлын "өлтіріп", 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған
Жәбірленуші: "Гүлмира Ашимов Ұлттық ұландағы подполковниктің әйелі"