"Ұлымды ұрып-соғып өлтірді": ШҚО-да шекара заставасының басшысы айыпталуда

ШҚО тұрғыны шекара қызметінің лауазымды тұлғасы ұлымды ұрып өлтірді деп отыр. Ол содан бері бір жыл өтсе де, қылмыстық істің аяқталмағанына наразы. Кейуананың сөзінше, ұлының мәйітін қайта қазып алып тескергенде, күдіктінің ұрып-соққаны дәлелденген екен.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

«Балықтыбұлақ» шекара заставасының басшысын кінәлаған кейуана оның ұлын ұрып өлтіргенін айтады. Оның сөзінше, баласын шекара шендісі шекара тәртібін бұзды деп соққыға жығыпты. Содан бері тергеу ұзаққа созылып, тіпті, жалған куәгерлік еткендер де болған. Сондықтан елордадан келген мамандар мәйітті қыс ішінде қайта қазып алып тексерген екен. 

«Өздері «жасанды тыныс беруден қайтыс болуы мүмкін емес» деп күдіктеніп, содан кейін тексерді. Басынан 7 соққы алған, қабырғалары, төс сүйегі сынған», - дейді марқұм Олжас Бақтыновтың анасы Гүлнар Бақтынова.

Күні кеше өткен сотта прокурор да жәбірленушілердің сөзін қолдады. Ол күдіктінің кінәсі толық дәлелденгенін айтып, бір емес, бірнеше бап бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сонымен қатар әскери шенінен айырып, марқұмның туыстарына 18 млн теңгеден астам моральдық және материалдық шығын өтеуі керектігін айтты.

Ал айыпталушы соңғы сөзінде марқұмды бір-ақ рет ұрғанын айтып, кінәсізбін дегеннен танбады. Қорғаушысы да тергеудің біржақты жүргізілгенін айтып, судьядан істің қайта қаралуын сұрады.

«Шекара аумағынан алып келген кезде әскери қызметкерлер өрескел қателіктер жіберген. Және бұл оқиғаның болу себебі – солардың жіберген қателігінен», - дейді айыпталушы.

Айта кетейік, марқұм шекара тәртібін бұзды деп ұсталғанда жанында тағы 6 адам болыпты. Олар қашып кеткен екен. Айыпталушы олардың бәрі құрт теру үшін барып, заңды бұзды дейді.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Тұрғын үйді бұзуға 150 миллион теңге бөлінген

7 жыл мүгедек әйелін арқалаған азамат көмек сұрап жүр

Қарлығаш Тұрақбаева 2012 жылы миында ісік бар екенін білген

Арыстағы жарылыс: әскери бөлім бастығы мен оның орынбасары қамауға алынды

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Көлікке тап берген: Ер адам 3 метрлік жылан ұстап алды

Ер адам жыланды пластик құбырмен алдаусыратпақ болған

Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды: Алматыда Volkswagen бағанға соғылып қалған

Оқиға 24 тамыз таң ата орын алды
Çàãðóçêà...