"Ұлымды көлік қағып кетті": Алаяқтар қазақстандықтарды алдаудың жаңа әдісін тапты
Алаяқтар қазақстандықтарды алдап-арбаудың жаңа әдісін ойлап тапты. Енді мұндай арамзалар адамдардың әлеуметтік желілердегі аккаунттарын бұзып, олардың атынан жақындарын емдеуге ақша аударуды сұрай бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасап.
Батыржан Беспаевтың ұялы телефонына тыным жоқ. Достары мен таныстары оған бірінен соң бірі жеке парақшасындағы жазбаның скриншотын жіберіп жатыр.
"Ұлымды көлік қағып кетті. Оған шұғыл түрде қымбат операция керек, бас сүйегіндегі пластинаны имплантациялау құны 2 миллион рубльді құрайды. Тізе бүгіп, жалбарынамын, кім қанша бере алса да, аударыңыздаршы, ертең депозиттен алып, бәрін қайтарамын", - делінген мәтінде.
Ал жазбаның астында қанық қаріппен ақша аударуға арналған картаның нөмірі көрсетілген.
Тек Батыржанның баласы тірі және дені сау. Интернетте аталған фотосурет пайда болған кезде, ер адам баласын жаттығудан алып келе жетқан, ешқандай ақша жинамаған.
"Үйге келсем - бәрі жылап жатыр, бәрі шок болды, өйткені біз дәл осы сәтте үйде болмадық, олар кез келген нәрсені ойлауы мүмкін. Менің достарым бар, олар нөміріме ақша аударғысы келді. Олардың төлемі өтпеген, бас тартқан. Картаның нөмірі 5-тен басталады, Қазақстанда ондай жоқ. Бізде 44, 45,43 бар", - дейді жәбірленуші Батыржан Беспаев.
Батыржан аккаунтын қалпына келтіре алмады. Ол полицияға жүгінуді жоспарлап отыр.
Ал Евгений Щетников жеке парақшасын бұзғанын қарындасынан білді. Бұл жолы алаяқтар одан да қорқынышты оқиғаны ойлап тапты. Евгенийдің ағасы жол апатынан қайтыс болып, ал зардап шеккен анасына операция қажет екенін жазды. Алаяқтар аяшылық тудыру үшін ақша жинауға бірнеше сағат қана бар екенін айтып, асықтырған.
"Пост жарияланды, грамматикалық тұрғыдан бәрі дұрыс ойластырылған, барлық тыныс белгілері қойылған. Адамда қайғы болған кезде оған уақыт болмайды. ларға хат жазған кезде кері байланысқа шығып, жауап берді: "Иә, бәрі жаман, менде уақыт жоқ, мүмкін болса, ақшаны аударыңыз". Мені жақсы білмейтіндер ақша аудара бастады. Олар ресейлік карта екенінен де ұялмады", - дейді Евгений Щетников.
IT-мамандардың сөзінше, әлеуметтік желілер мен интернет - алаяқтар үшін қолайлы орта. Олардың пікірінше, көп жағдайда парақтары үшін тым қарапайым құпия сөз ойлап тапқан жәбірленушілердің өздері кінәлі.
Оның үстіне адамдар жеке деректерін қандай сайттарда қалдыратынын бақылай бермейді. Ресми статистика бойынша, жыл басынан бері елімізде интернет-алаяқтықтың 4 000-нан астам жағдайы тіркелген. Бұл бүкіл 2020 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп.
"Парақшаны қорғау үшін күрделі құпия сөз жасау жеткілікті: сіздің, балаларыңыздың, жұбайыңыздың, мысықтарыңыз аты болмауы керек, екі факторлы аутентификацияны қолданыңыз. Мобильді қосымшаға кіргенде, SMS-растау алуығыз керек", - деді Кибершабуылдарды тергеу және талдау орталығының ақпараттық қауіпсіздік бойынша сарапшысы Иван Филько.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
