Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Ұлымды аямастай ұрып тастады": Атамбаевтың әйелі мәлімдеме жасады

Қырғызстанның бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевтың әйелі билік оның отбасына қыспақ көрсетіп жатқандығы туралы мәлімдеме жасады. Оның ұлын аяусыз ұрып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Настоящее Время» сайтына сілтеме жасап.

атамбаев әйелі

Раиса Атамбаева отбасының мүшелеріне билік тарапынан қысым көрсетіліп жатқанын айтты. Ұсталған экс-президенттің әйелінің айтуынша, олардың үлкен ұлы Сейітбекті аяусыз ұрып кеткен. Әйел баласының әрең қозғалатынын жеткізді. Ал ҰҚК қызметкерлері оны күн сайын тергеуге шақырады екен.

Сонымен бірге, оның айтуынша, билік оның жиенінің де ізіне түсе бастаған.

«Үлкен ұлымның қайын атасының үйіне тінту жүргізілді. Полиция үйге ескертусіз кіріп, төңкеріп тастады», – дейді Атамбаева. 

Сондай-ақ ол құқық қорғау органдары оған қарсы қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді. Алайда, қай бап бойынша өзіне айып тағылғанын білмейді екен. 

Қырғызстанның экс-президентінің әйелі Атамбаев ұсталған коттедж үйді жауып тастай ма деп қорқады.  Егер олай болса, онда отбасының тұратын жері жоқ екенін мәлімдеді. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр