AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұлым мен үшін ұяла бастады": 108 келі салмақтағы әйел 38 келіге арықтады

Англияның Болтон қаласының тұрғыны 108 келі салмақтан 38 келіге арықтады. Өзгелерге арықтаудың сырын ашты. Бұл туралы ол Daily Mirror басылымына айтты.

Екі баланың анасы Бекки Уайт университетке түсу үшін ата-анасының үйінен кеткеннен кейін салмақ қоса бастаған.

"Мен пиццаны жақсы көретінмін, пончиктер мен кәмпиттердің тұтас пакеттерін жедім. Мен тола бастадым. Өзіме деген сенімділігім төмендеді, сондықтан мен одан да көп жей бастадым ", – деді британдық әйел.

Әйел 18 жастағы ұлы Харви өзінен ұяла бастағанын мойындайды. Содан кейін тек өзі үшін ғана емес, ұлы үшін де арықтауға бел буып, сүйікті пиццасынан бас тартты.

Әйел салмағының үштен бір бөлігін жоғалтуға мүмкіндік беретін Кембридж диетасын ұстана бастады.

"Мен өзімді сексуалды және стильді сезінемін, өйткені қазір мен дүкенге барып, жаңа сәнді бұйымдарды киіп көре аламын. Мен өзімді миллион доллардай сезіндім. Ең бастысы, ұлым Харви менімен мақтанады", – деп түйіндеді Уайт.


104 жастағы әжей коронавирусты қалай жеңгенін айтты

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр