Соңғы жаңалықтар

Ұлыбританияның премьер-министрі: Елде коронавирустың екінші толқыны басталды

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон елдегі коронавирус пандемиясының екінші толқыны басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz-ке Independent-ке сілтеме жасап.

карантин

"Енді біз екінші толқынмен бетпе-бет келеміз ... Бұл сөзсіз орын алады - өз елімізде осындай жағдайға тап боламыз", - деді премьер-министр.

Ол COVID-19 инфекциясының жаңа толқыны «Францияда, Испанияда, бүкіл Еуропада» басталғанын атап өтті.

Алайда Джонсон билік «жағдайды бақылауда ұстайтынын» айтып сендірді.

"Мен ауқымды оқшаулау шараларын енгізгім келмейді, біз мектептерді ашық қалдырғымыз келеді, ал білім беру мекемелерінің жұмысы бұрынғы деңгейге оралғаны тамаша нәтиже. Біз экономиканы мүмкіндігінше ашық ұстағымыз келеді, бизнестің дамығанын қалаймыз", - дейді премьер-министр.

Джонсон, сонымен қатар, ұлттық карантин енгізу «кез келген адам қалайтын соңғы шара» екенін баса айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр