Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыбританияда Трамптың келгеніне қарсы наразылық акциялары өтіп жатыр

трамптың келуіне қарсы наразылық

Фото: Imageplotter

Лондонның орталығында АҚШ президенті Дональд Трамптың Ұлыбританияға сапарына байланысты жаппай наразылық өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Америкалық көшбасшы Ұлыбританияға екінші рет мемлекеттік сапарымен сейсенбіде келді. Біріншісі 2019 жылы болған еді.

Трамп келген күні Виндзорда наразылық акциясы өтті. Онда король Чарльз III мен Трамптың қатысуымен ресми қабылдау өткен. "Stop Trump" коалициясының наразылық акциясын ұйымдастырушылар Лондонда ауқымды наразылық өткізуге уәде берді.

Наразылық білдірушілер жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-де Портленд-Плейде жинала бастады.

Одан кейін мыңдаған адам Парламент алаңына өтіп, митинг өткізеді деген болжам бар. Демонстранттар "Трамп кетсін", "Нәсілшілдік жоқ, Трамп жоқ", "Трампты тоқтатыңыз", "Трамптың ядролық қарулары құрысын", "Газада геноцидті тоқтатыңыз" деген жазуы бар баннерлер, сондай-ақ АҚШ президентінің сатиралық суреттерін алып шықты.

"Премьер-министр Кир Стармер проблемаларды шешу үшін ешнәрсе жасамай, елімізді ірі шабуылдарға жол ашатын технологиялық келісім үшін Ұлыбританияны сатып жатыр", –деді шеру ұйымдастырушылары.

Чарльз III 17 және 18 қыркүйекте Виндзор сарайында Трампты қабылдап жатыр. Сәрсенбіде сарайда мемлекеттік банкет өтеді. Британдық БАҚ-тың хабарлауынша, корольдік отбасының бұл сапардағы мақсаты – Америка көшбасшысының Канаданы аннексиялау жоспары туралы мәлімдемесі және Украинадағы қақтығысты реттеу жұмыстары аясында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-та көптің алдында сөз сөйлеп тұрған Трамптың жақтасы атып өлтірілген еді.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 18 Қыркүйек, 2025 12:14
Талқылау